«Даму» қорының құрылғанына — 26 жыл

40

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған шеберлік сағатына қатысқан қатысушылар көз жеткізді.

Қазіргі таңда, «Даму» Қоры елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылғанына биыл 26 жыл толды.

 «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлерді қолдаудың келесі шаралары ұсынылады:

  • екінші деңгейлі банктердегі кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
  • кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кредит бойынша ішінара кепілдік ұсыну.
  • кеңес беру және кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу

 «Даму» Қорының Шымкент қаласы филиалының негізгі қызметтері:

  1. Клиенттерді сүймелдеу менеджері жобаны Банк/МҚҰ-на сүйемелдейді.
  2. Қаржылық қолдау бөлімі – жобаға субсидия/кепілдендіру құралына бағдарлама бойынша сәйкестігін қарастырады
  3. Мониторинг бөлімі – жобаға алынған қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылғанын тексереді.

2023 жылдың 8 айы бойынша Шымкент қаласы бойынша жалпы несие сомасы 41,9 млрд теңгені құрайтын 480 жоба субсидия алды.

Сондай-ақ, Кепілдіктердің де өсуі байқалуда. 2023 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша кепілдік бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 12,9 млрд теңге болатын 388 жобасы қолдау тапты.

Қазіргі таңда барлық субсидиялар мен кепілдіктерге өтінімдер Egov, Online Damu порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады және субсидиялар мен кепілдік шарттарына қол қою да электронды түрде мүмкін.