Өрт сөндірушілер өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды

38

 

Шымкенттік өрт сөндірушілер тағы бір адамның өмірін құтқарып қалды. 2023 жылғы 28 қыркүйек сағат 22.30 шамасында №2 өрт сөндіру бөліміне қыз бала келіп әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-ші қабатынан секіргелі жатқанын айтып, өрт сөндірушілерден көмек сұраған.

Қарауыл бастығы Марлен Сейілбек өрт сөндіруші Уалихан Жүсіппен бірге тез арада оқиға орнына барып, 5-ші қабаттан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып қалды. Одан әрі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына қайтуына ықпал етті.