Úı ANONS Жатақхана мен жол: Депутат ұстаздармен кездесті

Жатақхана мен жол: Депутат ұстаздармен кездесті

Сайлауалды уәде — ел алдындағы жауапкершілік. Ал оның орындалуы – сындарлы мақсат. Бес жылдық даму бағдарламасының қабылданғанына небәрі үш жыл толса да, атқарылған іс ауқымды. Қалалық мәслихат депутаты Бахадыр Нарымбетов  жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттерімен кездесіп, атқарылған жұмыстардың есебін берді. 

Шымкентте студенттерді жатақханамен қамту жоспары мерзімінен бұрын орындалды. 600 орынның орнына 5 жатақхана салынып, 1956 баспана пайдалануға берілген. Ауыз толтырып айтар  бұл деректі Халықтар достығы университетінде өткен кездесуде мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов хабарлады. Білім саласындағы серпін мұнымен шектелмейді: Осы жылдар ішінде жоспарланған 25 мектептің орнына 45 білім ошағы бой көтеріп, тағы 25 нысан күрделі жөндеуден өткен. Оның айтуынша бес жылдық бағдарлама аясында жол құрылысы да қарқын алған. Бүгінде 1300 шақырымға жуық жол төселіп, меже 96 пайызға жетті

 

БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ: «Біз ол кезде бар мүмкіндіктерге қарап, уәде берген едік. Енді 480 шақ жол төселеді деген еді. 1000 шақ астам жол төселді. 1300-ге жуық. Және бізде төселген жолдың пайызы 96 пайыз болды».

 

Жиында өңірдің экономикалық көрсеткіштері туралы да сөз болды. Қалада 65 мыңнан астам адам жұмыс тауып, кәсіпкерлер саны 250 мыңнан асқан. Әлеуметтік қолдау да назарда — қарттар үшін 5 бірдей «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды. Сонымен қатар, қала көшелерін 100 пайыз жарықтандыру жоспары небәрі үш жылда мерзімінен бұрын орындалған. Дәл осындай қарқын ауыз су мен тұрғын үй құрылысында да байқалады. Университет ұжымымен өткен еркін форматтағы сұқбатта тек жетістіктер ғана емес, білім ордасының алдағы дамуы мен ұстаздардың ұсыныс-тілектері де кеңінен талқыланды

 

БЕРІК САДЫҚОВ, ПРОРЕКТОР: «Бүгінгі кездесу өте маңызды. Арасында ұсыныстар, оқытушылар құрамының сұрақтары болды. Оған өз тарапынан мәслихат хатшысы бахадыр Нарымбетов дәйекті жауаптар берді деп ойлаймын».

 

Партияның сайлауалды бағдарламасы 2028 жылға дейін негізделген. Сондықтан алдағы екі жыл — басталған істерді түйіндеп, жаңа жобаларға жол ашатын маңызды кезең. Халық қалаулыларының айтуынша, бақылаудағы әрбір нысан мен әрбір уәде — қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нық қадам. Кездесу соңында алдағы уақытта да халықпен кері байланыс орнату жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Ботакөз Әнуар