Үкіметте денсаулық сақтау саласындағы проблемалар талқыланды

28
Бұл ауылда 4-5 жыл бұрын тұрғындардың тілегі бойынша жеке азаматтың демеушілігімен ФАП (Фельдшерлік-акушерлік пункт) бөлімшесі салынып, ішінде құрал-жабдықтар, залалсыздандыру, егу-таңу, босану және фельдшер бөлмелеріне дейін қарастырылған болатын

Үкімет отырысында  денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы проблемаларға тоқталды. Солардың бірі –медициналық объектілердің инфрақұрылымы.»Медициналық нысандардың инфрақұрылымы әлі де жеткіліксіз. Бүгінде 200-ден астам ауылдық елді мекенде медициналық объекті жоқ, ғимараттардың тозуы 56%-ті, медициналық техникамен жарақтандыру 50%-ті құрайды», – дейді Ғиният үкімет отырысында.

Сондай-ақ медициналық көмек барлығына бірдей қолжетімді емес. Бұған қатысты ең көп шағым Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау облыстарының тұрғындарынан түседі. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған. Олардың ең көбі Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады.

Бұған қоса Ғинияттың айтуынша, медициналық кадрларға деген қажеттілік төмендегеніне қарамастан сұраныс әлі де бар. Әсіресе Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында кадр жетіспейді.