8 млн. теңге үшін татуласты…

40
фото infozakon.kz

Келес аудандық сотында талап қоюшы «Азиялық Несие Қоры» ЖШС сотқа келтірген талап қоюында, жауапкерлер Т.К, Т.Ж, С.А, Т.С-дан 8 166 744 (сегіз миллион бір жүз алпыс алты мың жеті жүз қырық төрт) теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.

Тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту бойынша жазбаша арыздары түскен.
​Тараптардың арасындағы татуласу келісіміне сәйкес, жауапкерлер Т.К, Т.Ж, С.А, Т.С. талап қоюшы -«Азиялық Несие Қоры» ЖШС -ға 2023 жылғы 30 қарашаға дейін қарыз сомасы 8 166 744 теңгені төлеуге міндеттенген.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген татуласу келісімі бекiтiліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Істің татуласу келісіммен аяқталу артықшылығы, тараптар бір-біріне деген сыйластықта қалып, әрі уақыттарын үнемдеп, сотқа жүгінген кездегі мемлекетке төленген баж салығы өзіне қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енбеген