Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

23
фото Егемен.кз

Шымкентте 25 қазан – республика күніне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.

Атап айтқанда, 24 қазан күні түскі 15:00-ден  кешкі 18:00-ге дейін Нұртас шағынауданында №1/6 үйдің артындағы автотұрағында, ал 25 қазан 15:00-18:00 аралығында Нұрсәт-3 шағын ауданында №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында өтеді.

Айта кетейік, 21-22 қазан күндері де ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын.