Тоқаев TikTok компаниясының бас директорымен кездесті

6
© Photo : Қазақстан президентінің ресми сайты
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.