Елімізде Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Қазір құрылымы мен жарғысы дайын. Құжат жақын арада Үкімет қарауына ұсынылады.
Ұлттық гидрогеология қызметі жерасты суын басқару мен іздестіру-барлауды және мемлекеттік мониторинг саласындағы саясатты жүзеге асыруды ұйымдастырады. Гидро қорды тиімді пайдалану мәселесі де ерекше бақылауда болады.
Болжам бойынша, Қазақстанда жерасты суының көлемі шамамен 40 текше-шақырымды құрайды, оның ішінде 15 текше километрі– пайдалануға дайын қорлар. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%- ғана.