Қазақстан аумағында 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

22
Тараздық компания құрылыс аумағын қоршауда

Әкімдіктердің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 14 534 шетелдік жұмыс істейді.

Олардың басым бөлігі үшінші санаттағы «Мамандар» санатына – 6332 адам, төртінші – «Білікті жұмысшылар» санатына – 680 адам жұмысқа рұқсат алды.
Ішкі еңбек нарығын қорғау үшін еңбек министрлігі жыл сайын Қазақстанға шетелдіктерді тартуға квота белгілейді.
2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24%-ды құрады. Бұл – 22 260 адам.