Úı ANONS Жұмыстан шығаруға заңмен тиым салынды

Жұмыстан шығаруға заңмен тиым салынды

Әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа норма пайда болды. Енді 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынды. Бұл өзгеріс халықтың осал санаттарын қорғауды күшейтеді, жұмысшыларға қосымша әлеуметтік кепілдіктер береді.

 

Қазақстанда 14 жасқа толмаған балалары бар жалғысбасты аналар не әкелерді жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынды.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қол қойған заң нені өзгертеді?

 

«Атап айтқанда:

— Еңбек қатынастарының кез келген белгілері болса, азаматтық-құқықтық сипатта келісімшарт жасауға тыйым салынады.

— 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасы бойынша (тіпті қысқарту кезінде де) жұмыстан шығаруға тыйым салынады.

— жұмысшының жазатайым оқиғалардағы кінәсінің дәрежесі 25%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;

— ер адамдардың декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде ескеріледі;

  • ереуілдер кезінде тараптар қауіпті өндірістерде жұмыстың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге міндетті»

Аталған заң жұмыс істейтін ата-аналардың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға және еңбек құқықтарын қорғау үшін маңызды. Бұл туралы тұрғындар не дейді?

 

«Жұмыстан шығарып жіберсе бала-шағасын кім бағады? Дұрыс. Келісемін. Ескерту жасау керек. Шамалы жағдайына қарап. Одан кейін көнбесе, енді қайтеді? Ондайға бармайтын шығар. Дені сау адам ойланады ғой. Ертең жұмыстан шығарып жіберсе қайда барамын, бала-шағамды кім бағады деп ойланады ғой. 1-2 рет ескерту керек».

«Жұмыстан шығаруға болмайды ондайларды. Өйткені олардың асыраушысы жоқ. Басқа ешкімге сенері жоқ. Мысалы, көпбалалы болса 4-5  бала ғой. 4 баласын кім бағады одан кейін? Беретіні 69 мың теңге 4 балаға. 69 мың теңге ештеңеге жетпейді қазіргі заманда».

«Асыраушысы өзі болғаннан кейін әрине оны жұмыстан шығаруға болмайды. Қандай жағдайда да қолдау керек».

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс қауіпсіз еңбек жағдайын күшейту және жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Дилара Иса