Шетелдік инвестор Астанада ақылды үйлер салуға ниетті

0
фото novostroy.kz

Люксембургтық компания Қазақстанға инвестиция құйып, Астанада ақылды үйлер салуға ниетті. Жоспарды жүзеге асыру үшін еуропалық компания еліміздің Бельгиядағы елшілігінде қазақстандық «Forum Group Astana»-мен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл Люксембургтық кәсіпкерлердің қазан айында Қазақстанға жасаған сапары барысында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі. Серіктестер енді құрылыс, өнеркәсіп салаларында біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ.