Úı ANONS Қала көшелері мен жүргіншілер жолы судан тазартылды

Қала көшелері мен жүргіншілер жолы судан тазартылды

Табиғат тағы құбылды. Осыдан бірнеше күн алдын ғана жылуын төккен жайма шуақ ауа райы төпелеген жауынды күнге ауысып, елді әбігерге салып-ақ қойды. Ал коммуналдық қызметкерлер сәйкесінше күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Өйткені, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басты. Тиісті мекемелер күн-түн демей жұмыс істеп, судан тазарту жұмыстарын жүргізді. Алайда, айтып келмейтін ауа-райына төтеп беру мүмкін емес. Себебі, қаладағы арық-атыздар бітеліп, су көшелер мен жүргіншілер жолын жапты.

Қала аумағында толассыз жауған нөсер жауынның салдарынан бірнеше көшеде су жиналып, адамдардың жүріп тұруына уақытша қиындықтар туындады. Әсіресе ойпаң жерлерде орналасқан жол учаскелерінде су деңгейі көтеріліп, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді әуреге салды. Осыған байланысты, жауапты мамандар қала аумағында күшейтілген режимде жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар, қаладағы арық-атыз жүйелерін тазалау және су өткізу қабілетін арттыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Мәселен, Тұран ауданы бойынша 20 адам 3 бригада үздіксіз жұмыс істеген.

ОЛЖАС ТӨРЕБАЕВ, «ШЫМКЕНТСПЕЦКОМПЛЕКС» ЖШС МАМАНЫ: «Кешегі толассыз жауған жауынның суын тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ең бірінші «Айкөмекке» келген өтініштер бойынша жұмыс істедік. Жол отырып қалған жерлер бар. Лоток жоқ жерлер бар. Құрсайдың ішінде. Одан кейін осындай толғаан жерлерді тазалаймыз. Су өткізетін жерлерде қар бар».

Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет мамандары арнайы техника мен сорғы құрылғыларын пайдаланып, көшелердегі суды тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жауапты мекемелердің мәліметінше, су жиналған аумақтарға арнайы бригадалар жіберіліп, жағдай толық бақылауға алынған дейді жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілі.

АЙДОС ҚУАНЫШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Су тасу нақты себебі, біздің жаңбырдың арты қар болып ауысып кеткен соң, ирригациялық арықтар бітеп, су тасу фактілері орын алды. Қала аумағы бойынша су тасу және қар күресу 189 техника ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталған аумақтарда қауіп жоқ. Судан тазартылды. Әлі де бұл жұмыстар жалғасып жатыр».

Айта кетейік, жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 443 магистралды көше бар. Ал жалпы қала бойынша күндіз 2 мыңға жуық коммуналдық қызметкерлер жұмыс істесе, 100 ден астам маман түнгі уақытта қызмет етуде.

Нұргүл Жолымбетова