Биыл Түркістан облысында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 0,7 % пайызға төмендеген

33

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, бала құқығын қорғау ұйымдарының жетекшілері мен білім басқармасының мамандары қатысты. Аталған шарада облыстағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтылды.

Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстардың санын азайту мақсатында бірқатар жұмасытар жүргізілген. Атап айтқанда, биыл полициямен біріккен рейд барысында құқық бұзушылыққа бейім 552 кәмелетке толмаған жасөспірім, ал бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 349 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынған.

Ғалымжан Жұмашев, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:»Облыс халықының 38 пайызы балалар мен кәмелетке толмағандар. Ағымдағы 11 айдың қорытындысымен облыста кәмелетке толмағандар арасындағы ққылмыстар 0,70пайызға яғни 137 ден 136 ға төмендеген. Олардың алдын алу мақсатында басқарм тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. 0,36- 01,14 « 2023 жылғы қаңтар ақпан маусым қыркүйек айларында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар облыс әкімнің бекітуімен балалар мен кәмелетке толмағандар арасындағы ққылмыс пен құқықбұзушлық бойынша ата аналармен кездесу өткізілді. 157 кеңес өткізілді. Оған 310мыңнан астам ата ана қатысты».

Мамандардың сөзінше, облыста кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау мәселесі өте өзекті. Сол себептен полиция тарапынан түрлі рейдтік іс шаралар, профилактикалық жұмыстар жиі жүргізіледі. Мәселен, кәмелетке толмағандармен жасалған осы жылғы 134 қылмысқа 127 жасөсіпірім, оның ішінде 57-сі мектеп оқушысы, 17-сі – колледж, 3-еуі – жоғары оқу орындарының студенті қатысқан.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Бағанағы іс шаралардың барлығы хаттамаға енгізілсін. Сөйтіп ары қарай біз әкімшілікпен жұмыс істеу керекпіз. Жалпы барлық аудан , қала әкімдері осы мәселе бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жүру керек.

Бүгінде облыста балалардың қауіпсіздігі үшін мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған. Мемлекеттік білім беру мекемелері 100 пайыз дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылған.