Шымкенттік әйелден сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі тәркіленді. Өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйел Сарыағаш қаласында ұсталды.
ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылған. Ал үйін тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 2 дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.