Алматылық тұрғынның ұрланған көлігі Шымкенттен табылды

378

Қымбат көліктерді жалға берумен айналысатын алматылық тұрғынның темір тұлпары Шымкенттен табылды. 

Ер адам Абай АПБ-на көмек сұрап жүгінген. Айтуынша, кезекті клиенттерінің ​ бірі Hyndai Sonata маркалы көлігін ұрлап кеткен.

Жәбірленуші бұл туралы алматылық полицейлерге арызданған және өз бетінше әлеуметтік желіде іздеу салған екен. Кейін оқырмандардың бірі темір тұлпарды Шымкент көшелерінде көргенін айтқан. Ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін алматылық түнгі рейспен Шымкентке жеткен.​

Полицейлер жедел басқару ортылығының бейнебақылау камералары арқылы шаһар көшелерін тексеріп, автокөліктің жүрген бағытын анықтаған.​ Осылайша көлік жарты тәулік ішінде иесіне қайтарылды.

(Фото: ашық дереккөз)