Күмән тудырған автокөліктен 2 қап есірткі тәркіленді

38

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күнделікті жол апатының алдын алу мақсатында трасса бойында патрульдейді. Осындай кезекті жұмыс нәтижесінде полицейлер «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 601 шақырымында күмән тудырған «Honda Odyssey» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ішінде хош иісті есірткіге ұқсас заты бар 2 қапты тауып, тәркіледі.
Көлік жолаушысы қаптағы заттардың өзіне тиесілі екенін бірден жеткізді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, қорытындыға сәйкес 40 келіге жуық «кептірілген марихуана» екені анықталды. Күдікті Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.
▫️Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркелді. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын және есірткіні жеткізу арналарын анықтайтын болады.