Úı ANONS «1 келідей шаш»: Түркістанда 15 жастағы қызға ота жасалды

«1 келідей шаш»: Түркістанда 15 жастағы қызға ота жасалды

Түркістан қалалық балалар ауруханасында 15 жастағы қызға ота жасалып, оның  ішінен 1 келідей шаш алынды. Асқазаны ауырған қызды жедел жәрдем қызметі ауруханаға шұғыл жеткізген. Тексеру кезінде асқазан қуысында бөгде зат бар екені  анықталған. Дәрігерлер лезде шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасаған. Ота екі сағат елу минутқа созылған.

Баланың кішкентайынан шаш, тырнақ жейтін әдеті болған. Мамандар мұндай жағдай медицинада өте сирек кездесетінін айтады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Дилара Иса