Полицияға кеңсе тауарлары дүкенінің кассасынан 650 мың теңге көлемінде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, қол астындағы қызметкері сатылған тауарлардың ақшасын аз-аздан жеке есепшотына аудартып алып отырған.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.
Тергеу барысында азаматша өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін өкінетін жеткізді. Жәбірленуші өзіне келтірген материалдық шығынның толық өтелуіне байланысты, оған кешірім берді.
Сондай-ақ, қызметтік міндетін жедел әрі адал атқарғаны үшін, Еңбекші АПБ-ның анықтаушысы полиция аға лейтенанты Мұсақұл Бақдаулетке өз ризашылығын білдірді.