«Жара» жанып кетті…

22
фото ТЖД

23.01.2024 жылы сағат 08:06-да Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас м/а, Қасым Патеев көшесі бойында орналасқан «ЖАРА» монша кешені жанып жатыр деген хабарлама түсті.

Оқиға орнына күштер мен құралдар 2 БИС шақыртуы бойынша жолданды. Оқиға орнына жеткен мезетте жалпы көлемі 866 шаршы метр кешеннің 288 шаршы метрі жанып жатқандығы анықталды.

Өрт сағат 09:10 минутта оқшауланып, өртті жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда