Сайрам ауданының тұрғыны мұражай ашу туралы ұсыныс айтты

45
фото abai.kz

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан тұрғынының бірі мұражай ашу бойынша өз өтінішін білдірді. Аудан әкімі Арман Сәбитұлы жеке қабылдауға келген азаматтың көтерген мәселесін мұқият тыңдап, сұрақтарына тиісті түрде жауап берді.

 — Әрине, Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз орынды. Сайрамның сан ғасырлық тарихы мен тамаша табиғатынан мол мағлұмат беретін мұражай ашу – маңызды мәселе. Ауданымыздың маңызды оқиғалары, құрметті тұлғалардың өнегелі өмір жолы жайлы деректерді өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз тиіс, — деді Арман Сәбитов.
 Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылатынын айтты. Алдағы уақытта заңға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізу мақсатында жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.