Үндістанда Kazakh Tourism-нің шетелдік өкілдігі ашылды

32
фото ҚазАқпарат

 Үндістан астанасында Оңтүстік Азияның ең ірі халықаралық туристік көрмесі – SATTE ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Ресми іс-шараға Үндістан туризмінің басшысы, Индонезияның Туризм және креативті экономика министрі, PATA Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының басшысы, Мәскеу, Беларусь туристік департаменттерінің басшылары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Төрағасы Қайрат Сәдуақасов қатысты.
Көрме аясында Kazakh Tourism компаниясының Үндістан нарығы бойынша өкілі тағайындалды. Қайрат Сәдуақасов тиісті сертификатты Salvia Promoters компаниясының басшысы Прашант Чодриге табыстады. Компания Орталық Азия мен Ресей нарықтарын ілгерілетуге маманданған.