Қолма-қол ақшаға сұраныс артып отыр

34
фото Ашық дереккөзден

Мобильді аударымдар 30 пайызға азайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, халықтың қолма-қол ақшаға сұранысы артқан.

Ресми дерекке сүйенсек, қаңтар айында алматылықтар 534 миллиард  теңгені картасынан шығарып, қолында ұстаса, екінші орында астаналықтар. Үштікті қорытындылап тұрған шымкенттіктер.

Ал қолма-қол ақшаның ең аз көлемі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген. Яғни,  бұл өңірлердің тұрғындары  қаражаттарын банк карталарында ұстағанды жөн көреді.