Созақ аудандық сотында сотталған М.-ға қатысты айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен берілген ұсыным қаралды.
Сотталған М. Созақ аудандық сотының 2023 жылғы 27 маусымдағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 368-бабы 2-бөлігі бойынша 18 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған болатын.
Сот отырысында сотталғанның тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарғаны анықталды.
Сондықтан сот, сот орындаушысының ұсынымын қанағаттандырды.
Нәтижесінде, сот актісімен сотталғанға қатысты тағайындалған айыппұл жазасы — 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.