Ақтөбеге 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді

33

Түркістан облысының жастары да су басқан аймақтарға қолдау көрсетіп жатыр. Жергілікті жастар оңтүстік өңірінің барлық аудан, қалаласындағы жастар орталығында арнайы штаб ашып, көмек жинауды жалғастыруда. Олардың арасында апат аймағына барып қолдау көрсетіп жатқандар да бар.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың сөзінше бірінші жүк көлігі Ақтөбеге жеткізіліп, ерікті жастар зардап шеккендерге үлестіріп жатыр.

Ерлан КҮЗЕМБАЕВ, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы:
«2 күннің ішінде 40 тоннаға жуық зат жиналды. Оның 6 тоннасы кеше 2 газель машинамен Ақтөбе облысына жөнелтілді. Оның алдында Түркістан облыстық жастар орталығның директоры бастаған бір топ ерікті Ақтөбе облысына барып, Ырғыз ауданындағы зарДап шеккен халыққа көмек көрсетті»

Ал бүгін Түркістан облысынан гуманитарлық көмек тиелген екінші керуен жолға шықты. Қазіргі таңда түркістандықтар 30 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті заттар жинады. Айта кетейік, қазір Ақтөбе өңірінде Түркістан облысынан барған 5 ерікті апат аймағында жұмыс істеп жатыр. Ал бүгін тағы 10 белсенді жас жолға шықты.