Бұрын сотталған ер адам салмағы 80 келіге жуық марихуананы тасымалдамақ болған

37
фото centerphoenix.ru

Түркістан облысында 80 келіге жуық марихуананы тасымалдамақ болған ер адам ұсталды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 601 шақырымында «Форд Фокус» маркалы автокөлігін тоқтатқан жедел уәкілдер оның жүк салғышынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 қапты тәркіледі.

Алынған заттар сараптамаға жіберіліп, оның салмағы 80 келіге жуық «марихуана» есірткісі екені анықталды. Күдікті бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық мән-жағдай анықталуда.

Серік Алманов, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі: «Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, аса ірі мөлшердегі есірткіні заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті. Полиция қызметкерлері «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 601 шақырымында «Форд Фокус» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 қапты тауып, тәркіледі. Оның салмағы 80 келіге жуық «марихуана» есірткісі екені анықталды«.