Полиция заңсыз есірткі сақтаған күдіктіні ұстады

33
фото ТО ПД

Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, есірткі затына ұқсас өсімдік сақтаған ер адамды анықтады. Жедел-тергеу тобы келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді.

Нәтижесінде ер адамның қалтасынан қағазға оралған өсімдік тектес есірткі табылып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның «мефедрон» 2 дозасы екені расталды.
Қазіргі таңда бұрын сотты болған күдікті қамауға алынып, есірткіні сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.