Úı ANONS Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге айыппұл салынды

Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге айыппұл салынды

Түркістан облысы Жетісай ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген шет ел азаматтарын анықтады. Облыстық прокуратураның  хабарлауынша, аудандық прокуратура арнайы талдау жүргізген. Нәтижесінде, шел ел азаматтарының тіркеусіз жүргенін және заңсыз жұмыс істеу дерегін анақтаған. Оған қоса жергілікті тұрғындардың заңды белден басып шетелдік жұмыс күшін тартқаны белгілі болған. Заңсыз әрекет еткендердің бәрі әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған.

 

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ

 

Жетісай ауданы көрші жатқан Өзбекстанмен шекаралас аймақ. Прокуратура көші-қон заңнамасының сақталуын үнемі бақылауда ұстайды. Жалпы ведомства заң талаптарын бұзған әрбір адам жауапқа тартылатынын ескертеді. Және тұрғындарды көші-қон талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Дилара Иса