Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні» қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді. Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 874 ана — Күміс алқа” иегерлері.
Сондай-ақ, 12 мамыр – Аналар күніне орай, Тұран ауданындағы батыр аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды.