Түркістан облысында 866 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған. Ал, 700 — ден астам азамат қарсы бағытқа шығып, заңды белшеден басқан. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді шаралар жалғасуда.
Нәтижесінде, жыл басынан бері өңірде жол қозғалысына әсер ететін 52 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 50 500-ден астамы жаяу жүргіншілер. Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер жүргізушілерге жолай түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Яғни, жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жұмыс жалғасатынын атап өтіп, тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Әрбір жол-көлік оқиғасы және олардың туындау себептері бойынша егжей-тегжейлі талдаулар жүргізілуде дейді жауаптылар. Сондай-ақ, қауіпті жол учаскелерінде жол жағдайын бақылауды күшейту мақсатында патрульдік экипаждар мен бейнебақылау жүйелерін қайта бөлу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.
Нұргүл Жолымбетова







