Полицейлер ғимараттардың қасбеттерінде қалдырылған граффити түріндегі есірткі жарнамасын анықтау және жою бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткіні насихаттайтын 3000-нан астам жазуды анықтап, жойған.
Қала аумағындағы ғимараттардың, қоршаулардың, аялдамалардың және басқа да қасбеттердің қабырғаларынан есірткі заттарын тұтынуды және өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити бүріккіш боумен өшірілді.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.