Сот ғимаратында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

35
фото e-history.kz

 Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында құқық бұзушы «О» қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 Түлкібас аудандық сотына құқық бұзушы ретінде жеткізілген азамат «О», сот ғимаратының кіре берісінде (фойеде) қатты дауыспен балағат сөздер айтып, сонымен қатар сот қызметкерлері тарапынан жасалған ескертулерге құлақ аспай, сот қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, сотта құрметтемеушілік танытқан.
 Сот отырысында құқық бұзушы «О» жасаған әрекетін мойындап, кешірім сұрайтынын, қайталанбайтынын айтып көрсетті.
 Сот қаулысымен құқық бұзушы «О» Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.