Созақта 26 жастағы жігіт көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен

1

(Фото: istockphoto.com)

Түркістан облысы Созақ ауданында 26 жастағы жігіт бір үйге екі рет ұрлыққа түскен. Ал оңай олжасын сатып, ақшасын құмар ойынға тігіп жіберген.

Белгілі болғандай, күдікті көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын алған.

Полицейлер оның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтаған. Ол ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.