Ордабасылық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жалған жарнама арқылы жәбірленушіге үйдің құжатын заңдастырып беретінін айтып, алаяқтыққа барған.
Содан көрсеткен қызметі үшін алдын ала 200 мың теңгеден асатын қаражат алып, байланысын үзген. Күдіктінің айтуынша ол өз қарызын жабу үшін алаяқтыққа барған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.