Түркістан облысында заңсыз жолмен шетелге асырылмақ болған 350 тонна дизель отыны тәркіленді. Өңірде бірқатар жауапты мекемелер мен құзырлы органдардың қатысуымен рейдтік шара өтті.
Нәтижесінде 1 айдың ішінде 20-ға жуық хаттама толтырылып, 555 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан рейдтік шараның басты — мақсаты өңірде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау. Сонымен бірге көктемгі егіс науқаны кезінде шаруаларға аса қажет дизельдің заңсыз шекара асып кетуіне тосқауыл қою көзделген.