Баланың тыныс алу жолына стоматологиялық ине түсіп кеткен

49

1 жас 3 айлық баланың тыныс алу жолына тауықтың сүйегі тұрып қалған. Ауыр халде ауруханаға түскен баланың денесінен дәрігерлер бөгде затты алып шықты. Ақ халаттылардың сөзінше мұндай жағдай соңғы кезде жиілеген. Облыстық ауруханаға тіпті өкпесіне стоматологиялық ине түсіп кеткен пациент те келген екен.

Дәрігерлер 1 жасар баланың тыныс алу жолынан тауықтың сүйегін алып шықты. Анасының айтуынша бүлдіршін кешкі сағат 22:00 кезінде полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

Бабур Рахманкулов, Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты «Мақтаралдағы жағдай бойынша айтатын болсақ, бала бізге ауыр жағдайда келіп түсті. Алдын ала диагноз тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұруы болды. Мақтааралдағылар ол полиэтилен пакетінің бөлігі болуы мүмкін деген. Бірақ, біз оның тауық сүйегі екенін анықтадық. Ол баланың сол жақ өкпе тыныс алу жолдарын толық жауып қалғандықтан дем жетпей қалған. Біз бөгде затты баланың ішінен алып шықтық»

Қазір баланың денсаулығы қалыпты. Ал, дәрігерлер мұндай оқиғаның соңғы кезде жиі болып жатқанын жеткізді.

Мына жерде балалардың өкпесінен, тыныс алу жолынан, және азқазанынан алынған түрлі бөгде заттар бар. Бұл жерде тіпті стоматологиялық ине де бар екен. Дәрігер, осы жағдай туралы айтып берсеңіз. Стоматологиялық ине баланың тыныс алу жолына қалай түскен?»

Бабур РАХМАНҚҰЛОВ, Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты:
«Бізге тіс дәрігерінің айтуы бойынша, тістің жүйкесін алып жатқан кезде, бала оның қолын тістеп алған. Сол кезде байқаусызда стоматолог инені жіберіп қойған. Сол кезде бұл баланың тыныс алу жолына өтіп кеткен. Стоматологтың өзі де келген еді сол кезде. Наркозбен баланың өкпесіне зақым келтірмей, инені шығарып бергенбіз»

Дәрігерлер мұндай оқыс жағдай орын алса, бірден медициналық мекемеге жүгіну қажет дейді. Және де ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.