Көп күттірген стадион капсуласы салынды

13
фото Отырар.кз

Еліміздегі ең үлкен стадионның капсуласы салынды.

Ерекше ғимарат Шымкент қаласында бой көтереді. Қазір құрылыс жұмысы басталып та кетті. Спорт аренасы 35 мың орынға шақталған. Онда заманауи спорт алаңдары, жүгіру жолы, жекпе-жекке арналған татами алаңдары және т.б. болады деп жоспарланған. Ал көп күткен спорттық нысан 2025 жылы ел игілігіне берілмек

«31 мың гектар алқапқа барлық жағдайды жасап жатырмыз. Әсіресе әлемдік деңгейдегі жарыстар үшін барлық мүмкіндік жасалыды. Спортшылардың жататын орны, тынығатын жер, бәрі ойластырылған. Сонымен қатар жас спортшыларға арналған бірнеше үйірме де жұмыс істейді», — дейді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.