Әл-Фараби аудандық ХҚКО 30 күн жөндеуге жабылады

116
фото Шымкент қаласы ХҚКО

9 шілдеден бастап Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстарына уақытша жабылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Жангелдина  көшесі 13 «А» ғимаратында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы  9-шілдеден бастап 30 күнге жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұрады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты Әл-Фараби аудандық ХҚКО -ның қызметкерлері қызметалушыларды Мәделі Қожа 1«Г» мекенжайында орналасқан Тұран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында  қабылдайды. Сонымен қатар, дайын құжаттар Тұран орталығында беріледі.

Айта кетейік, Тұран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді ХҚО және Egov mobile қосымшалары арқылы онлайн форматта алуға болады.