Болжам бойынша, қаланған ұя шұбар шымшық түріндегі құсқа жатады. Құрылыс алаңындағы жұмыстарды экологиялық сүйемелдеу барысында ерекше олжаны Tecnimont компаниясының инженер-экологы Лаура Ерғалиева байқап қалды.
Ұя табылғаннан кейін алаңда қажетті шаралар жедел қабылданды:
✔️Анықталған жердің айналасындағы аумақ қоршалды
✔️Ескерту ақпараты орналастырылды, қызметкерлерге ұяны сақтау қажеттілігі
✔️Туралы ақпарат берілді
✔️Жақын жердегі шулы құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды
Бұдан басқа, ұяның жағдайына күнделікті мониторинг ұйымдастырылды.
Экологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсіру және ұя салу кезеңінде балапандар ұя салатын жерден кеткенге дейін құстардың ұяларын бұзуға және оларды алаңдатуға тыйым салынады.
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау күнделікті іс-әрекеттер мен ұсақ-түйекке назар аудару арқылы қалыптасады. Мұндай мысалдар экологиялық қауіпсіздік мәселелері жобаны іске асыру мәдениетінің маңызды бөлігі болып қала беретінін растайды.
Аумақта ұяның пайда болуы дәстүрлі түрде игілікпен, тыныштықпен және қауіпсіз ортамен байланыстырылады.







