«ПКОП» ЖШС-і қазақстандық мұнайдың 125 жылдығын атап өтті

27
Отырар

125 жыл бұрын 1899 жылы Қазақстанда алғашқы мұнай бұрғыланды. Бұл қадам мұнай саласының ұзақ және қарқынды дамуына серпін берді. Тарихи сәт өңір экономикасы үшін жаңа көкжиектер ашып қана қоймай, Қазақстанның байлығы мен әлеуетін арттырды.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС -і мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і алғашқы мұнай өндірудің 125 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті. Сонымен қатар, салтанатты іс-шара Конституция күніне және көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына орайластырылды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығы ардагерлер мен мұнай-газ саласының қызметкерлерін мерейтойлық медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Еркін Жұмаділ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 33 жыл жұмыс істеді. Ол өз жолын тауар-шикізат цехының операторынан бастап, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман болды. Оның айтуынша, зауыттың дамуына көп жылдар үлес қосқанын мақтан тұтады және әрдайым кәсіпорынның маңызды оқиғаларына үнемі қатысады.

Еркін Жұмаділ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері: «Мұнда өндірісте біз осы жерде жүргізілген жұмыстарға жауаптымыз. Еліміздің экономикасы, оның дамуы мен ілгерілеуі осыған байланысты болды. Біз еңбек ардагерлеріне үлкен көңіл бөлінгеніне өте қуаныштымыз».

Шымкент мұнай өңдеу зауыты, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і 1985 жылы салынған — бұл мұнай өңдеу саласындағы Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірі. Заман талабына сай, соңғы жылдары зауыт жаңғыртылды, бұл өнімнің сапасын едәуір арттыруға және мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Зауыт, сонымен қатар, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған технологияларды енгізуде белсенді жұмыс істейді.

Бақыт Ерегенов, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС компаниясының президенті: «Бүгін біз қазақстандық мұнайдың 125 жылдығын атап өтудеміз. Ардагерлерімізді, қызметкерлерімізді, сондай-ақ біздің зауыттың дамуына үлес қосқан барлық қызметкерлеріне құрмет көрсетіп жатырмыз. Біз оларға алғысымызды білдіреміз және кәсіпорынды одан әрі дамыту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Біздің зауыт — ең жақсы мұнай өңдеу зауыттарының бірі, мен оны мақтан тұтамын. Қазіргі уақытта біздің алдымызда зауыттың қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру міндеті тұр. Жоба әзірлену үстінде және біз оны бекітілген «Жол картасына» сәйкес іске асыратын боламыз».

Қазақстандық  мұнайдың 125 жылдығын мерекелеу — бұл тұрақты даму және экологиялық жауапкершілікті ұстанып, жетістіктерді бағалау және болашаққа перспективаларды белгілеу мүмкіндігі. Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қауіпсіздікке, сапаға және инновацияға басымдық бере отырып, өз жұмысын жалғастыруға дайын.