«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ерекше жарыс өткізді

33

 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері балалар арасында ерекше жарыс өткізді. Олар құстарға ұя салудан сынға түсті. Мұнайшылар осылайша балалардың назарын экологиялық мәселелерге аударып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуды мақсат еткен. Бұл байқауды өткізу қазір жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Биыл «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлерінің балалары құстарға ұя салудан жарысып жатыр. Жалпы, дәстүрлі сайыс шарты жыл сайын өзгеріп отырады. Бір жылдары сурет салса, екінші жылы қолөнерден бақ сынасады. Ал биыл 30-дан астам бала табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында құстарға пана салып бермек. Олардың жұмысын мұнай өңдеу зауытының басшылары мен Шымкент зообағының қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Назкин Маханбетова,  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы: «Байқауда 7 мен 14 жас аралығындағы балалар жас ерекшелігіне сай 3 номинация бойынша марапатталды. Үшінші орын-шебер қол, екінші орын-шығармашылық және бірінші-ең үздік креативті құс ұясы. Біз ұяның дизайн, қолданылған технологияның күрделілігі мен креативтілігін ескеріп бағаладық».

Байқауға қатысушылар аянып қалған жоқ. Жалпы, қазылар алқасының назарына әртүрлі көлемдегі және дизайндағы ертегідегі ұядан бастап ұшақ бейнесіндегі құс үйлеріне дейін ұсынылды.

Ерболат Қожабаев, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті: «Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Негізі өте қиын болды. Біз бұл жерде шығармашылық жұмысты көріп отырмыз. Жалпы, мен барлық қатысушыларға және оларды қолдаған ата-анасы мен отбасына алғысымды білдіремін».

Қазылар алқасының шешімімін 3 бала жеңімпаз атанды. Оларға электрлі самакат пен гидроскутерлер берілді. Сондай-ақ сайысқа қатысқан өзге де балалар сыйлықсыз қалған жоқ. Барлығына бағалы сыйлар табысталды.

«Ұйымдастырушыларға көп-көп рақмет айтамын. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Барлығымызға сыйлық берілді. Мен өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да мұндай сайыстарға тұрақты түрде қатысып отырамын», – дейді қатысушы.

Байқау аяқталғаннан кейін шымкенттіктер де мұнайшы-балалардың туындыларымен таныса алады. Ол үшін қалалық хайуанаттар бағына бару жеткілікті.

Елена Бударагина, Шыкент қалалық Зообақтың мал дәрігері: «ПетроҚазақстан» басшылығы ұяларды бізге қайырымдылық ретінде берді. Құстар енді сонда қоректенеді. Немесе біз оны экзотикалық құстар үшін ағашқа іліп қоямыз».

Мұнайшылар мұндай сайыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы экологиялық мәселелерді шешуді ұдайы назарда ұстау қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Осындай жарыстар өткізу арқылы балалардың айнала қоршаған ортаға деген құрметін арттыруға болады.