Пошта және темір жолда есірткі тасымалын анықтау бағытында тексерулер жүргізілуде

28
фото ШПД

Қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында және Темір жол вокзалында өтті.
Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта және темір жол жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.