Ал үйіне жалғана салынған кіші ғимаратта ер адам қапшықпен марихуана сақтаған.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіру жайтын қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықтады.
47 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің артқы ауласынан тәртіп сақшылары 71 қарасора түбін тауып, тәркіледі.
Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіргені және есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін ер адамға қатысты тергеу басталды.
Полиция есірткіге қатысты кез-келген заңсыз әрекетке жол берілмейтіні туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қудаланады.