«AUZHAN KTL» көптілді лицейі ашылды

108
«AUZHAN KTL» көптілді лицей

Шымкентте әлемдік білім беру стандарттары бойынша оқытатын «AUZHAN KTL» лицейі ашылды. Мектеп бірегей оқыту әдістемесі мен көптілді білім беру жүйесін ұсынады. Ашылу салтанатына белгілі мәдениет қайраткері, жазушы Дулат Исабеков қатысты.

Бұл мектептің ашылуын шымкенттіктер ұзақ күтті. Себебі Auzhan KTL — әр оқушыға жеке назар аударатын заманауи білім беру мекемесі. Білім ұясының ашылу салтанатына бірқатар ел ағалары арнайы қатысты. Олардың қатарында қазақ әдебиетінің корифейі, белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков те бар.

Дулат Исабеков, жазушы: «Тапқанын елге арнап жатыр. Болашаққа арнап жатыр. Мен соған қатты ризамын. Менімен бірге келген жігіттер де, қонақтар да риза шығар деп ойлаймын. Осы мектептен талай шәкірт оқып шығады. Бәрнің есінде қалады бұл мектеп».

1338 балаға арналған лицейде 60 оқу аудиториясы мен кеңейтілген зертханалар бар. Мектепте 30-дан аса үйірме де жұмыс істейді. Auzhan KTL-де ағылшын, француз, неміс, қытай, түрік және араб тілдері бірегей білім беру жүйесі арқылы оқытылады. Сонымен қатар, лицей оқушыларына бизнес негіздері де үйретіледі.

Әлімхан Әбжанов, «AUZHAN KTL» көптілді лицейінің негізін қалаушы: «Бұл көптілді лицей. Бұл жерде қазақ, орыс, ағылшын тілін үкіметтің бағдарламасы бойынша оқытамыз. Қосымша тағы бір тілді баланың таңдауы бойынша оқытамыз. Одан кейін біз бизнес негіздерін де үйретеміз. Әрбір азамат пен азаматша бизнесті түсінетін болуы керек. Одан кейін еңбекқор болуы керек. Біздің миссиямыз — көптілді, салауатты, білімге құштар жастарды тәрбиелеп шығу».

Auzhan көптілді лицейінде балалар үшін жайлы және заманауи кампус жасақталған. Мұнда спорт алаңдары мен, аспан асты амифитеатр да бар. Ең бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзет қызметі мен фейс айди есебі қойылған. Балалар үшін барлық жағдай жасалған білім ұясы Қазақстанның барлық өңірінен оқушыларды қабылдауға дайын. Auzhan KTL сіздің балаңызды сапалы біліммен жарқын болашаққа дайындайды!