26 қарашада сағат 23.00 шамасында Шымкенттегі “Жоғарғы Отырар” шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлік отқа оранды. Нәтижесінде -Nexia маркалы көлік толықтай жанып кетті.
Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға екі өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша мамандар, көлікке өрт қасақана қойылған болуы да мүмкін дейді. Алайда оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін құқық қорғау органдары анықтайтын болады. Тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Мұхамедали Шалхарбай