Шымкентте 52 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп кетпек болды

1966

Шымкентте 1972 жылы дүниеге келген әйел суицид жасамақ болды. Ол көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіруге оқталған.

112 пультіне әйелдің бесінші қабаттағы пәтердің балконынан секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар онымен сөйлесуге тырысыпты, алайда әйел  бас тартқан.

Төтеншеліктер кіреберіс арқылы пәтерге беттеген, ал жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатқан. Осы уақытта үйге көршілес тұрған №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алпамыс Талипов көмекке келіп, автосатымен көтерілген. Ол  төртінші қабаттағы балконның жақтауларына тұрып, әйелді төменнен ұстап тұрған. Ал оның әріптестері пәтер арқылы балконға өтіп, құтқару жұмыстары сәтті аяқталыпты.

Қалалық ТЖД мәліметінше, биіктен секірмек болған тұрғын дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Shymkent qalasynyń ТJD (@shymkent_tjd)