«Табиғатта жоқ құс»: Будандастырылған қос қанаттылар туралы білесіз бе?

20

Шымкентте сәндік құстардың көрмесі өтті. Ерекше шарада жұртшылық табиғатта жоқ қанатты тіршілік иелерін тамашалады. 

Мұнда қанатты тіршілік иелерінің 20-дан астам түрі бар. Ерекше көрмеден табиғатта жоқ құстарды да кездестіруге болады. Олар будандастыру нәтижесінде пайда болған гибрид құстар дейді ұйымдастырушылар.

Сырлан Ташимбетов, көрмені ұйымдастырушы: «Ерекше құстардың ішінде Жако деген құсымыз бар. Попугай бұл. Оның қасында Амадина Гульда деген құс бар. Табиғаттағы ең әдемі құстардың бірі. Зебровая Амадина да бар. Өзіміздің табиғатта Қазақстанда, Шымкентте өсетін құстар мен Канарейка құстарды будандастырып шығарған гибрид құстар бар. Соны халыққа көрсетейік деп шештік»

Тұрғындар түр-түсі көз тартқан тотылар мен ерекше құстарды асқан қызығушылықпен тамашалады. Келушілерге қанатты тіршілік иелерін тамашалап қана қоймай, суретке түсуге, тіпті, дыбыстап «сөйлесуге» де рұқсат берілген. Дильшадбек Толгунов көрмеге тұңғыш баласымен келген. Ол құстар – балаларлы мейірімділікке үйретеді дейді.

Дильшадбек Толгунов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Осы көрмеге келдік. Біз де құстармен айналысамыз. Құстардың пайдасы көп. Қазіргі жастар телефонға тәуелді болып жатыр. Құстарды қалай көбейту ,өсіру, бағып-қағуды үйрету пайдалы. Соны балама көрсетіп жатырмын»

Сәндік құстар көрмесі 9 қазан күні Шымкенттегі көркем галереяда өтті. Мегаполис жұртшылығы ерекше тіршілік иелерін тегін тамашалап қайтты.