Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Турабай Талғат Сайлауұлы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды. Талғат Турабай 1977 жылы Көкшетау облысы, Ленинград ауданында дүниеге келген. Көкшетау университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. «Қорғау» жұмылдыру курстарынан өтті.
1996 жылдан 1998 жылға дейін мерзімді әскери қызметін өтеген. Қарулы күштердегі қызметін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру бөлімінің бастығы болып бастады. Осы бағыт бойынша өңірдің Тайынша ауданындағы бөлімшесін де басқарды.
Осы тағайындалғанға дейін Талғат Турабай Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған болатын.