Шымкентте қызыл сызыққа түскен сауда орны сүрілді. Ғимарат С. Бәйтереков көшесі мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысында орналасқан. Бұл шешім кәсіпкер мен жергілікті әкімдік арасындағы келісім нәтижесінде қабылданыпты. Ең қызығы, бірнеше жылдан бері нәпақасын тауып келген орталықты бұзуға бизнесмен мемлекеттен бір тиын алмай рұқсат берген.
Алдияр Мұсабаев, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары: «Ол кісі өз еркімен, ешқандай қарсылық білдірмей бұзуға рұқсат беріп отыр. Өтемақы төленген жоқ. Мемлекет тарапынан ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Қазір бұзу жұмыстарын жүргізіп, 1 аптаның көлемінде ретке келтіріп, қолайлы орта жасап, барлық ирригациялық системаны ретке келтіру жұмыстарымен айналысамыз»
Айта кетсек, былтыр сот шешімімен қаладағы 4 құрылыс нысаны бұзылды. Сонымен қатар биыл 8 ғимаратты сүру бойынша сот үкімі шыққан.