Президент тапсырмалары мерзімінде орындалуы шарт

Түркістан облысы әкімдігінде өткен мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолдары мен аймақты дамыту барысы пысықталды. Жиынға қатысқан әрбір лауазым иесі , басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері тапсырма алды. Міндетін орындамағандарға қатаң шара көріледі деп атап өтті өңір басшысы.

Түркістан облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Жиында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаларды дамыту мәселелі қаралды. Сонымен қатар цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, салық-бюджет саясатын реформалау және «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру жөніндегі жоспарлар баяндалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға өңір экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі: «Мемлекет басшысы экономика арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды және инвестиция таруға баса мән беруді айрықша атап өтті. 2025-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 85 инвестициялық жобаның пулы қалыптасты. Осы жобаларды іске асыру бойынша жеке-жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырамын».

Өңір басшысы жауаптыларға облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған әрбір келісімшарт міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

Бұдан өзге мәжілісте облыс әкімі жауаптыларға стратегиялық маңызы бар жобаларды қаржыландыру және жеке инвестиция тарту жұмыстарын жүргізуді, туризм, инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Аймақта «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүйелі іс атқару, цифрлық технологияны енгізу, бюджетті тиімді игеру, өзіндік кірістерді арттыру, жұмыс орындарын ашу бағытында да жұмыстар жанданбақ.

fШынар Оразова