15 мамыр күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жас отбасыларға арналған “Бақыт мекені” атты спорттық квест ойыны өтеді.
Қатысу шарттары:
• Қатысушылар Шымкент қаласының тұрғындары болуы керек;
• Бір команда 4 отбасы мүшесінен тұрады;
• Команда құрамында: 35 жасқа дейінгі ата-ана және 7–12 жас аралығындағы 2 бала болуы қажет.
Қалай тіркелуге болады?
+77479932003 нөміріне WhatsApp арқылы өтінім қалдырыңыз.
Өтінімдер 8–12 мамыр аралығында қабылданады.
Отбасыңызбен бірге уақытты қызықты әрі белсенді өткізіңіз!